Қазақстанның бірінші ракеткасы Мельбурнде өтіп жатқан турнирде жарыс жолын аяқтады

Александр Бублик. Сурет: ҚТФ. Андрей Ударцев©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мельбурнда (Аустралия) өтіп жатқан Great ATP 250 Ocean Road Open турниріндегі екінші ойында ұтылып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 5 ақпанда 1/8 финалда ол италиялық Стефано Травальейден екі сет бойынша ұтылды - 1:6, 5:7.

Бір сағаттан астам уақыт өткен матчте, қазақстандық тоғыз эйс жасады, бес қосарлы қате жіберді және екі брейк-пойнттің бірін жүзеге асыра алды.

Бублик АТР рейтингінде 45-ші, ал Травалья - 71-ші орында.

Еске салайық, Аустралиядағы WTA турниірндегі жарыс жолын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да аяқтады.

Метки: