Қазақстанның бірінші ракеткасы Лондон турнирінің келесі айналымына шықты

© ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик Лондон ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 74-орында тұрған италиялық Лоренцо Музеттимен өткізді. Бірінші партияда Бублик басымдық танытты – 6:3. Екінші сет басталар алдында италиялық спортшы матчты жалғастырудан бас тартып, кортқа шықпай қалды.

Небәрі 35 минутқа созылған бәсекеде Бублик 7 эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін пайдаланып үлгерді. Қазақстандық спортшы екінші айналымда хорватиялық Марин Чилич немесе ұлыбританиялық Лиам Броэдидің біреуімен шеберлік байқасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport