Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" жарысының төртінші айналымына шықты, оның келесі қарсыласы америкалық әйгілі Серена Уильямс болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рыбакина мен Ульямс арасындағы кездесу 6-маусымда өтеді. 39 жастағы Уильямс әлемдік рейтингте сегізінші, ал 21 жастағы Рыбакина - 22-ші.
Үшінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы ресейлік Елена Веснинаны - 6:1, 6:4 есебімен екі сетте ұтты.
Ал Серена өзінің отандасы Даниэль Коллинзді 6:4, 6:4 есебімен ұтқан болатын.