Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллсте өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда ол ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге чехиялық теннисшілер Мария Боузкова мен Луция Градецкаяны 1:6, 6:1, 10:3 есебімен ұтты.
Жартылай финалда қазақтандық және ресейлік жұптың қарсыласы украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенко болады.