Қазақстанның бірінші ракеткасы бар. "Ролан Гаррос" ширек финалына шыққан спортшылар белгілі

Сурет: sport-express.ru

Теннистен Францияның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ролан Гаррос" турнирінің бұл кезеңіне қазақстандық Елена Рыбакина өткен болатын. Бүгін, 8 маусымда ол жұптық жарыстағы серіктесі ресейлік Анастасия Павлюченковамен жартылай финалға жолдама үшін ойнайды. 

Бұл кезедсуде жеңіске жеткен теннисші, Тамара Цидансек (Словения) - Паула Бадоса Хиберт (Испания) жұбының жеңімпазымен бетпе-бет келеді.

1/4 финалдың өзге екі жұбы: Кори Гауфф (АҚШ) - Барбора Крейчикова (Чехия), Мария Саккари (Грекия) - Ига Швентек (Польша).

Еске салайық, Рыбакина жұптық ойында да ширек финалға шыққан. 

Метки: