Теннистен Францияның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ролан Гаррос" турнирінің бұл кезеңіне қазақстандық Елена Рыбакина өткен болатын. Бүгін, 8 маусымда ол жұптық жарыстағы серіктесі ресейлік Анастасия Павлюченковамен жартылай финалға жолдама үшін ойнайды.
Бұл кезедсуде жеңіске жеткен теннисші, Тамара Цидансек (Словения) - Паула Бадоса Хиберт (Испания) жұбының жеңімпазымен бетпе-бет келеді.
1/4 финалдың өзге екі жұбы: Кори Гауфф (АҚШ) - Барбора Крейчикова (Чехия), Мария Саккари (Грекия) - Ига Швентек (Польша).
Еске салайық, Рыбакина жұптық ойында да ширек финалға шыққан.