Теннис
8 маусым 2021 10:26
 

Қазақстанның бірінші ракеткасы бар. "Ролан Гаррос" ширек финалына шыққан спортшылар белгілі

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның бірінші ракеткасы бар. "Ролан Гаррос" ширек финалына шыққан спортшылар белгілі Сурет: sport-express.ru

Теннистен Францияның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Теннистен Францияның ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал қатысушылары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ролан Гаррос" турнирінің бұл кезеңіне қазақстандық Елена Рыбакина өткен болатын. Бүгін, 8 маусымда ол жұптық жарыстағы серіктесі ресейлік Анастасия Павлюченковамен жартылай финалға жолдама үшін ойнайды. 

Бұл кезедсуде жеңіске жеткен теннисші, Тамара Цидансек (Словения) - Паула Бадоса Хиберт (Испания) жұбының жеңімпазымен бетпе-бет келеді.

1/4 финалдың өзге екі жұбы: Кори Гауфф (АҚШ) - Барбора Крейчикова (Чехия), Мария Саккари (Грекия) - Ига Швентек (Польша).

Еске салайық, Рыбакина жұптық ойында да ширек финалға шыққан. 

Жарнама

Живи спортом!