Қазақстанның бірінші ракеткасы Australian Open-дегі жарысын тоқтатты

©globallookpress.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші айналымдағы қытайлық Шуай Чжанмен матч екінші сетте қарсылас пайдасына 0:1 есебімен тоқтатылды. Бірінші партияда да басымдық қытайлық спортшыда болды (4:6), ал кездесу ұзақтығы 43 минут қана болды.

Жұптық сында қазақстандық Андрей Голубев пен хорват Франко Шкугор де матчтерін аяқтамады, олар Ли Ту мен Дэйн Суиниге қарсы ойында 2:5 есебімен ұтылып жатты.

Мұның алдында Australian Open турнирінің жұптық сынында Сауд Арабиясының өкілі Айсам-Уль-Хак Курешимен бірге ойнайтын қазақстандық Александр Недовесов те екінші айналымға жете алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: