Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте рекордты орынға көтерілді

©Vesti.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) live-рейтингінде жетіншіден алтыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысудан бас тартты.

Мадрид жарысының өткен жылғы чемпионы О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сондықтан ол дода біткеннен кейін 1 мың рейтингілік ұпайынан айырылады.

Бұл қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға рекордтық позицияға - 6-орынға көтерілуіне ​​мүмкіндік берді. Ол бұған дейін 7-орында болған еді. Еленаның бұған дейінгі де ең жоғары көрсеткіші тек жетінші орын болған еді, сондықтан 6-орын рекорд болып отыр. 

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы да Мадридтегі турнирге қатысады. Оның жекелей сындағы алғашқы ойыны 27 сәуірге жоспарланған, алайда кіммен ойнайтыны әлі хабарланбады. 

Еске салайық, Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласындағы WTA-500 турнирінен шығып қалған еді. Қазақстандық теннисші белінен жарақат алған және дәл осы жарақат оның матчты жалғастырмай, ойыннан бас тартуына себеп болған. Бұл турнирде әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентек жеңіске жетті. Ол финалда Арина Соболенкомен кездесіп, оны 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Ига Швентек бұл турнирді қатарынан екі жыл қатарынан жеңіп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport