Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте бір сатыға жоғарылады

ktf.kz ©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық теннисші 37-ден 36-орынға көтерілді. Михаил Кукушкин 160-тан 162-ге, Дмитрий Попко 169-дан 173-ке сырғыса, Тимофей Скатов 193-сатыда қалды.

Рейтинг көшін бұрынғыша сербиялық Новак Джокович бастаса, ресейлік Даниил Медведев екінші, германиялық Александр Зверев үшінші орында.

Естеріңізге сала кетейік, Бублик бүгін Монте-Карло ATP Masters 1000 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, "Үлкен дулыға" жарыстарының үш дүркін жеңімпазы, швейцариялық Станислас Вавринкамен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport