Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирге қатыспайтын болды

©ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Атланта қаласындағы Atlanta Open турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

20 шілдеде спортшының күтпеген жерден турнирден бас тартқаны белгілі болды. Себебі белгісіз. Atlanta Open 22-30 шілде аралығында өтеді.

Еске салайық, Александр Бубликтің кейінгі турнирі Уимблдон болды, ол мұнда 1/8 финалға дейін жеткен еді. Қазақстандық теннисшіні жарыс жолынан ресейлік Андрей Рублев шығарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport