Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

©ҚТФ

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтей отырып. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен бірге бастапқы кездесуін америкалықтар Фрэнсис Тиафо - Денис Кудламен өткізді.

Бублик корттағы серіктесімен 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Енді олар екінші айналымда франциялықтар Кентен Гали - Адриан Маннариномен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге алғашқы айналымда аргентиналықтар Томас Мартин Этчеверри - Себастьян Баэсті тізе бүктірді - 6:1, 7:5. Олар екінші айналымда "Үлкен дулыға" турнирінің жұптық сындағы жеңімпазы, сальвадорлық Марсело Аревало - "Үлкен дулығаны" төрт рет ұтқан нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport