Қазақстаннның бірінші ракеткасы рейтингте жоғарылады

©olympic.kz

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Уимблдон-2022" турнирінің жеңімпазы екі саты көтеріліп 22-орыннан көрінді. Екі позиция жоғарылаған Юлия Путинцева да нәтижесін жақсартты. Қазір Путинцева 53-орында.

Жұптық сайыста еліміздің маңдай алды теннисшісі Анна Данилина 7 саты жоғарылап, 12-орынға көтерілді.

Ерлер арасында қазақстандық Александр Бублик 38-орнын сақтап қалды. Тимофей Скатов 146, ал Михаил Кукушкин үздік 200 спортшының қатарынан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport