Теннис
Бүгін 12:15

Қазақстандықтардың Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

©ҚТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер ширек финалда Испания құрамасымен кездеседі. Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей:

Қазақстан – Испания

Италия – Қытай

Украина – Бельгия

Чехия – Ұлыбритания

Кездесулер 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэньде (Қытай) өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport