Теннис
31 шілде 18:48
 

Қазақстандықтар ITTF World Hopes Week and Challenge іріктеуіне қатысады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандықтар ITTF World Hopes Week and Challenge іріктеуіне қатысады ©ҚР ҰОК

Қазіргі уақытта Вьентьян (Лаос) қаласында 2025 жылғы ITTF Asia Hopes Week and Challenge атты халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

blog.share

Қазіргі уақытта Вьентьян (Лаос) қаласында 2025 жылғы ITTF Asia Hopes Week and Challenge атты халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Аталған жиынға үстел теннисінен Иран, Үндістан, Қазақстан, Лаос, Малайзия, Мальдив, Сингапур, Таиланд, Шри-Ланка және Жапония елдерінің өкілдері қатысуда.

Алты күнге созылатын жиын барысында қатысушылар халықаралық сарапшы, жапониялық маман Дайсуке Исида жетекшілігімен техникаларын жетілдіріп, әдіс-тәсілдер мен ойын стильдерін талдайды. Сонымен қатар іріктеу турнирі өткізіліп, оның жеңімпаздары ITTF World Hopes Week and Challenge әлемдік додасына жолдама алады. Жолдама саны – алты (ұлдар арасында – 3, қыздар арасында – 3).

Қазақстан атынан бұл жиынға Жәния Бекмұхамбетова мен Олег Яковлев қатысуда. Сонымен қатар жаттықтырушылар Юлия Даниярова мен Татьяна Ким де ұлттық құрамамен бірге Лаосқа барған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!