Қазақстандық Зарина Дияс жаңартылған әлемдік рейтингте бірнеше сатыға жоғарылады

© olympic.kz

Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен теннисші Юлия Путинцева бұрынғы орындарын сақтап қалды. Рыбакина 16-шы, Путинцева 37-орында. 

Ал Зарина Дияс үш сатыға жоғарылап, 128-орынға жайғасты. Анна Данилина да үш орынға көтеріліп, 340-шы болса, Жібек Құламбаева керісінше үш саты төмендеп, үздік 500-дік қатарынан шығып қалды. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстан теннисінің көшбасшысы Елена Рыбакина бүгін "Ролан Гаррос 2022" турниріндегі жарыс жолына шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: