Қазақстандық төреші алғаш рет күміс белгі иегері атанды

©ҚТФ

Қазақстандық Юлия Игнатченко мінбедегі төрешінің күміс белгісіне ие болды. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады.

Юлия әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақты қазақстандықтар арасынан бірінші болып алып отыр.

Күміс белгіге (Silver Badge) қол жеткізу үшін кемінде халықаралық деңгейдегі 60 матчқа қазылық етіп, алтын белгісі бар төрешілер мен супервайзерлерден жақсы баға алу керек. Сосын ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиын өткізіп, кімге беретінін шешеді. Күміс белгі иегерлері "Үлкен дулығадан" бастап кез келген негізгі жарыстарға қазылық жасай алады.

"Біліктілігімнің артқаны жөнінде хат алдым. Бұл - үлкен қуаныш. Жыл Аустралия ашық чемпионатының финалына төрешілік етуден басталып, осындай табысқа қол жетіп отыр. Мені қолдаған отбасыма, Қазақстан теннис федерациясына, сенген адамдардың бәріне алғысымды білдіремін", - деді Юлия Игнатченко.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: