Теннистен 30 маусым күні басталатын "Уимблдон" турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина армян Элина Аванесянмен кездеседі. Бұған дейін өткізген бір кездесуде қазақстандық теннисші ұтқан.
Еленаға жеребе оңай түспеді. Элинадан өтсе, одан кейінгі кезеңдерде ресейлік Анна Блинкова мен Анна Калинская қарсылас атануы мүмкін. Ал 1/8 финалға жетсе, Ига Швентекпен (егер ол да ұтып шығатын болса) жолығады. Одан кейін ширек финалда Коко Гауффпен кездесуі мүмкін.
Ерлер арасында үздік қазақстандық теннисші Александр Бублик алғашқы айналымда Хайме Мунармен кездеседі. Ол қазір нағыз бабында жүр. Жеребе бойынша ширек финалда Новак Джоковичпен, ал жартылай финалға жетсе Янник Синнермен қайта кездесуі бек мүмкін. Янникпен бірер апта ішінде екі рет ойнап үлгерді.
Негізгі кезеңге жолдама алған алғашқы қазақ теннисші Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда рейтингте 24-орында тұрған Флавио Коболлимен кездеседі.
Юлия Путинцева алғашқы айналымда Аманда Анисимовамен, Александр Шевченко Райли Опелкамен өзара мықтыны анықтайды.