Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жылдың қорытынды рейтингісін жария етті, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылды 21-орынмен бастайды. Юлия Путинцева рейтингіде 54-тен 51-ке көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 11-орнынды сақтап қалды.
WTA-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:
21 (0). Елена Рыбакина.
51 (+3). Юлия Путинцева.
441 (0). Жібек Құламбаева.
588. (0). Гөзал Айнитдинова.
1031 (+2). Зарина Дияс.
1188 (+6). Аружан Сағындықова.
Ерлер арасында Қазақстанның үздік ракеткасы жылды 37-орынмен аяқтайды. Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жукаев өз көрсеткіштерін жақсартты.
ATP-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:
37 (0). Александр Бублик.
142 (+3). Тимофей Скатов.
188 (+1). Михаил Кукушкин.
292 (-8). Денис Евсеев.
308 (+2). Бейбіт Жукаев.
330 (-6). Дмитрий Попко.
Жұптық сында Андрей Голубеев 47, Александр Недовесов 50-орында тұр. Голубев пен Недовесов Аустралия ашық чемпионатын қосқанда, алдағы қаңтардағы жарыстарда бірге өнер көрсетеді. Григорий Ломакин Мысырда ITF M15 турнирінде чемпион атануы нәтижесінде жұптық сында рейтингіде 205 сатыға жайғасты.