Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 3 қазанда жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабаралйды Vesti.kz.
Жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина 25-тен бір саты төмендеді, Юлия Путинцева тіптен бес саты сырғып, 47-орынға тұрақтады, ал Зарина Дияс 356-орында (бірден 32 позиция құлдырады).
Топ-3 тізімде бір ғана өзгеріс - эстониялық Анетт Контавейт үшінші орыннан испаниялық Паулу Бадосаны ығыстырды.
Жұптық сындағы ойыншылардан қазақстандық Анна Данилина 21-орынды сақтап қалды.