Қазақстандық теннисшілер Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 және ATP Masters 1000 турнирлерінен шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлемдік рейтингте 18-орындағы Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы Джессика Пегулаға есе жіберді - 3:6, 4:6.
Юлия Путинцева (47) да үшінші айналымда испаниялық Паула Бадосадан ұтылды - (6) - 3:6, 2:6.
Ал ерлер арасында Александр Бублик (33) үшінші айналымда норвегиялық Каспер Руудтан жеңілді - (8) - 3:6, 2:6.
Мұның алдында тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин де жарыстан шығып қалған еді.