Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі орындары қуанта қоймады

©Olympic.kz

Кәсіпқой теннисшілер ассоциациясы (ATP) жеке және жұптық сында өнер көрсететін теннисшілердің жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жаңа рейтинг бойынша, Қазақстанның көшбасшы ракеткасы Александр Бублик бес орынға төмен сырғып, 47-орынға табан тіреді. Михаил Кукушкин 215-ші (екі орынға төмен), Дмитрий Попко - 236-шы (17 орынға төмен), Тимофей Скатов - 250-ші (екі позиция төмен), Денис Евсеев - 266-шы (үш позиция төмен).

Жұптық сын ойыншысы Андрей Голубев бір орынға алға жылжып, 46-шы болса, Александр Недовесов, керісінше, үш орынға төмен сырғып, 57-ші болып тіркелді.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport