Қазақстандық теннисшілер үздік ондықта

©ҚТФ

Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісін жария етті, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 10-орынға орналасып, үздік ондықта қалды. Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр.

Қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын.

Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді.

Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді:

1. Аустралия - 1142;

2. Швейцария - 1041;

3. Испания - 929;

4. Чехия - 922;

5. Франция – 910;

6. Канада - 815;

7. АҚШ - 793;

8. Словакия - 779;

9. Германия - 777;

10. Қазақстан – 739

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: