Қазақстандық теннисшілер рейтингте көш бастап тұр

5 желтоқсан 2022 14:33
©ҚТФ

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингіні жария етті. Бұл туралы ҚТФ ресми сайты хабарлады. 

14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды. Үздік ондыққа сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4 орын), астаналық Ариана Гогулина (8 саты) кірді.

Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен тағы бір елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылықтар Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы сатыға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: