Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда ол өзге қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаевпен ойнады. Екі сағатқа созылған дербиде 6:4 және 6:3 есебімен Евсеев жеңіске жетті. Бұл матчте Жұқаев 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Евсеев 3 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Енді Денис финалға шығу үшін швециялық Элиас Имерді ұту керек.