Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик және Андрей Голубев карьерасында алғаш рет "Үлкен дуылға" финалында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ролан Гаррос" жарысының жартылай финалында олар испаниялық Пабло Андухара - Педро Мартинес дуэтін жеңді. Бірінші сетте қазақстандықтар ұтылды - 1:6. Алайда келесі екі партияда тең есеппен басым түсті - 6:4, 6:4.
Бублик пен Голубев жартылай финалдағы Пьер-Юг Эрбер/Николя Маю (Франция) - Хуан-Себастьян Кабаль/Роберт Фарах (Колумбия) арасындағы матч жеңімпаздарымен шешуші ойын өткізеді.
Еске салайық, Бублик пен Голубевтен басқа "Ролан Гаррос" турнирінде қазақстандық спортшылар қалмады. Мұның алдында Елена Рыбакина жарыстан шығып қалды.