Теннис
16 сәуір 2022 18:21

Қазақстандық теннисшілер Германия командасын ұтып Билли Джин Кинг Кубогінің финалына шықты

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг Кубогінің матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы неміс қызы Анжелика Кербермен кездесіп, 4:6, 6:3 және 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Осының арқасында Қазақстан құрамасы Германия теннисшілерін үш кездесу қорытындысы бойынша 3:0 есебімен ұтты. Нәтижесінде отандастарымыз аталмыш турнирдің финалына жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport