Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді
Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Григорий Ломакин әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Григорий Ломакин әлемдік рейтингте жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Андрей Голубев жұптық сында 24-орынға көтерілді. Ол спорттық жолында мұндай сатыға жоғарылап көрмеген еді. Тағы бір қазақстандық, өткен аптада жұптық сында Колумбиядағы турнирдің финалына дейін жеткен Григорий Ломакин бірден 48 сатыны артта қалдырды. Ол қазір 265-орында. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында 37-ші, Михаил Кукушкин 160-орында келеді. Дмитрий Попко 175-тен 169-ға көтерілді. Тимофей Скатов – 193-ші, Денис Евсеев – 341-ші, Бейбіт Жукаев 509-сатыда тұр.
Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18-орында қалса, Юлия Путинцева 47-ден 46-ға ауысты. Зарина Дияс 112-ден 113-ке сырғыды. Жұптық сында Анна Данилина 21-ші, Жібек Құламбаева 302-орында келеді.
Жарнама