Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz
Токио ойындарының бірінші айналымында чехиялық Барбора Крейчиковаға қарсы ойнап, жарақатына байланысты жеңіліс тапқан Зарина Дияс төрт орынға сырғып, 103-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, "әлемдік рейтингте Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы Александр Бублик ерлер арасында 39-шы, ал әйелдер арасында Рыбакина 20-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-орынға жайғасса, Юлия Путинцева 35-сатыға оралды.