Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапешттегі (Венгрия) WTA-250 турнирін сәтті бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз словакиялық Анна Шмидловмен кездесті. Бір сағат 37 минутқа жалғасқан кездесуді Путинцева 6:4, 6:1 есебімен ұтты.
Ойын барысында Путинцевада сегіз брейк істейтін мүмкіндік болып, Юлия оның алтауын сәтті пайдаланды.
Енді келесі айналымда қазақстандық теннисші Швециялық Ребекка Петерсон мен Бразалиялық Лаура Пигосси арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.