Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос" турнирінде сенсация жасады

29 қыркүйек 2020 12:53
Сурет: Zimbio.com ©
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ерлер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінде сенсация жасады. Негізгі сетканың бірінші айналымында қазақстандық спортшы әлемнің тоғызыншы ракеткасы Гаэль Монфисті ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы төрт сет бойынша жеңіске жетті - 3:1 (6:4, 7:5, 3:6, 6:3).



Айта кетейік, Монфис ATP рейтингінде тоғызыншы келеді, ал Бублик тек 49-шы еді. 



30 қыркүйекте өтетін келесі айналымда Бублик италиялық Лоренцо Сонегомен кездесу өткізеді. Мүның алдында екінші айналымға тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин шыққан еді. Ол да күтпеген жерден италиялық Фабио Фоньиниді ұтып кетті.
Метки: