Теннис
3 қараша 10:09

Қазақстандық теннисші рейтингте рекордты орынға көтерілді

©ҚТФ/Андрей Ударцев

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бублик үш саты жоғары көтеріліп, қазіргі таңда 13-орында тұр. Бұл оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.

Бұған дейін қазақстандық теннисші алғаш рет Парижде өткен "Мастерс" сериясындағы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен болатын. Сол сында ол канадалық Феликс Оже-Альяссимге (№8) жол берді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко да рейтингтегі орнын жақсартты - ол екі саты жоғары көтеріліп, 97-орынға тұрақтады.

ATP рейтингінің көшін италиялық Янник Синнер қайта бастады, ол испандық Карлос Алькарасды екінші орынға ығыстырды. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport