Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде топ жарды

©СДД

Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Нова-да-Гайя қаласында өткен үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда аустралиялық Адитья Саринді 3:2 есебімен жеңді.

Оған дейін Алан жартылай финалда румын Рашец Куэсдинді, ширек финалда тунистік Васим Эссидтен 3:2 есебімен басым түскен. Ал топтық кезеңде француз Натан Артур Пиларды ұтты (3:0).

Сондай-ақ, қарағандылық үстел теннисінің шебері 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында да бақ сынаған. Бұл санатта ол ширек финалда жапониялық Реичи Есияманың мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: