Қазақстандық теннисші Нидерландтағы турнирдің жартылай финалына өтті

©

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Таллон Грикспурмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағатқа созылған матчта Недовесов пен Эскобар 9 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Александр Недовесов - Гонсало Эскобар финалға шығу үшін аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: