Қазақстандық теннисші Минскте топ жарды

©imotion

Дамир Жалғасбай Минск қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Дамир әуелі белоруссиялық Станислав Балибенкомен бірге жұптық сын финалында Владимир Кадобине (Беларусь) – Артемий Лазаревті (Ресей) 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал жекелей сында соңғы бәсекеде ғана ресейлік Алексей Фроловқа есе жіберді – 4:6, 1:6.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: