Теннис
8 сәуір 2022 13:44
 

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шықты ktf.kz ©

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мехико (Мексика) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

blog.share

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мехико (Мексика) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Теміртау қаласының түлегі ресейлік Евгений Донскоймен бірге бастапқы кездесуінде швейцариялық Якуб Пауль – аргентиналық Хуан Игнасио Лондероны 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Қазақстандық-ресейлік жұп ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, колумбиялық Николас Баррьентос – мексикалық Мигель-Анхель Рейес-Вареламен күш сынасты. Бірінші партияда колумбиялық-мексикалық жұп 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетсе, екіншісінде Ломакин мен Донской есе қайырды – 6:4. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:6. Бір сағат 18 минутқа созылған матчта Григорий мен Евгений 5 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Қарсыластары 2 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ломакин мен Донской финалға шығу үшін чилилік Николас Харри – бразилиялық Матеус Пучинелли де Алмейдамен таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!