Теннис
8 қазан 17:37

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті

©ҚТФ

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 ірі турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жұптық сайыстың 1/8 финалында Данилина мен сербиялық Александра Крунич жапон Сюко Аояма және испан Кристина Букша жұбымен кездесті.

Тартысқа толы кездесу 3:6, 6:4, 12:10 есебімен аяқталды.

Осылайша, Данилина мен Крунич турнирдің ширек финалына өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport