Теннис
10 қазан 21:04

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнады

©Тұрар Қазанғапов

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Ширек финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы - Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтады.

Кездесу екі сетке созылып, Соболенко 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport