Теннис
20 мамыр 2025 10:47

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

©ktf.kz

Қазақстандық Александр Бублик теннистен Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде жеңіске жетті.

Бублик финалда қытайлық Бу Юньчаокэтэны 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.

Александр үшін бұл — ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.

Сондай-ақ, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport