Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде екі рет күміс жүлде иеленді

©olympic

Катарда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында "WTT Youth Star Contender" турнирі өтуде. Аталған сынға қазақстандық Алан Құрманғалиев та қатысып жатыр, деп жазады Olympic.kz

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. 

Жекелей сында ол катарлық Мохаммед әл Салуатиді 3:0, тунистік Юссеф Айдлиді 3:0, аустриялық Юлиан Рзихаушеканы 3:1, болгариялық Ян Величковты 3:1 есебімен жеңіп, финалда жапониялық Тамито Ватанабеден 1:3 есебімен ұтылды. 

Жұптық сында Кұрманғалиев тунистиік Юссеф Айдлимен бірге күміс жүлдегер атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: