Қазақстанның тоғызыншы ракеткасы Григорий Ломакин Нұр-Сұлтандағы АТР "Челленджер" сериясына жататын турнирдің финалына шықты.
Аталған сайыстың жұптық сынындағы бәсекеде отандасымыз украиналық Алексей Крутыхпен жұп құрап, жартылай финалда қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді.
Григорий Ломакин (Қазақстан)/Алексей Крутых (Украина) – Петер Полански (Канада)/Сергей Стаховский (Украина) – 2:1 (6:3, 6:7, 10:7)
1 сағат 35 минутқа созылған тартысты матчте жеңімпаз жұп жеті эйс, бес брейк-пойнт жасады және доп беруде төрт рет қателесті.
Ломакин мен Крутых жұбы ақтық сында Бенджамин Лок (Зимбамбве)/ Ю Хсюмен (Тайпей) шеберлік байқасады.