Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Мюнхэн (Германия) қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен жұптасып 1/4 финалда сербиялық Иван Шабанов пен Матей Шабановтан айласын асырды. Есеп - 6:3, 7:5.
Ойын 1 сағат 34 минут болды.
Енді Голубаев пен Мартен келесі кезеңде Рохан Бопанна (Үндістан)/Матве Мидделкоп (Нидерланды) - Рафаэль Матос (Бразилия)/Давид Вега-Эрнандес (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.