Теннис
14 сәуір 2017 12:39
 
Қазақстандық теннисші допингпен ұсталып, екі жылға спорттан шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық теннисші допингпен ұсталып, екі жылға спорттан шеттетілді ©itftennis.com

Қазақстандық теннисші Арсан Арашов қанынан алынған сынамада тыйым салынған мельдоний препараты табылған соң екі жылға спорттан шеттетілді. Халықаралық теннис федерациясының мәлімдеуінше, 17 жастағы Арашов былтыр Испанияда өткен турнирде допингтік тексеруден өте алмаған.

Теннисшінің жарыстардан шеттетілу мерзімі 2016 жылдың 30 қыркүйегінен есептеліп, Спортшының жарыстан шеттетілу мерзімі 2018 жылдың 29 қыркүйек күні аяқталады.

Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот анти-допингтік бұзу бағдарламасына сәйкес, тараптардың (Арашов пен ITF) дәлелдерін қарап, 10 сәуір күні спортшыны шеттету туралы шешім шығарды. Арашов әлемдік рейтингте 1729-орында тұр.

Мельдоний 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (ВАДА) тыйым салынған дәрі-дәрмектер тізіміне енгізілген.

Жарнама

Живи спортом!