Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Аделаида (Аустралия) қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
Отандасымыз жұптық сында ел намысын қорғап жатыр. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде.
Ширек финалда Данилина мен Крунич чехиялық Мари Боузкова мен бразилиялық Луиза Стефани жұбына қарсы ойнауы тиіс болған. Алайда қарсыластары турнирден шығып кетті.
Осылайша, қазақстандық және сербиялық спортшы ірі жарыстың жартылай финалына еш қиындықсыз жолдама алды.