Қазақстандық теннисші Australian Open жартылай финалына шықты

©OLYMPIC.kz

Жұптық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Australian Open-2022 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/4 финалда Данилина мен Майя швециялық Ребекка Петерсон мен ресейлік Анастасия Потапованы 4:6, 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Теннисшілер кортта 2 сағат 3 минут ойнады.

Финалға жолдама үшін қазақстандық және бразилиялық теннисшілер жапониялық Суко Аояма - Эноя Шибахаро жұбымен күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: