Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open–2026 турнирінің микст санатында ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалдық кездесуде Данилина америкалық Джеймс Трейсимен жұптасып, канадалық Лейла Фернандес пен аустралиялық Ник Кирьосты 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Матч 54 минутқа созылды. Қазақстан-америкалық дуэт бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Ал қарсыластары сегіз эйс орындап, төрт қос қателік жіберді.
Айта кетейік, Ник Кирьос - жұптық сында Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы (Australian Open-2022), сондай-ақ, жасөспірімдер арасында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы.
Ширек финалда Анна Данилина мен Джеймс Трейси бразилиялық Луиза Стефани және Сальвадор өкілі Марсело Ареваломен кездеседі. Матч 27 қаңтарға жоспарланған.
Жарнама