Қазақстандық теннисші АТР рейтингінде жеке рекордын орнатты

©tennis.ru

34 жастағы қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сын бойынша АТР рейтингінде позициясын жақсартты. Енді тәжірибелі спортшы 25-орынға жайғасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Голубев Индиан-Уэллстегі ATP Masters 1000 турнирінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін екі саты жоғарлады. Бұл жарыста ол жекелей сында әлемнің үшінші ракеткасы есептелетін германиялық Александр Зверевпен жұпта ойнады. 

Голубев пен Зверев турнирдің жартылай финалына дейін жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport