Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекелей сындағы екінші айналымда Бублик Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, британиялық Энди Маррейді екі сетте ұтты - 7:6(11:9), 6:3.
Кездесу 1 сағат 59 минут өтті, қазақстандық 11 эйс жасап, алты қосарлы қате жіберді.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Джордан Томпсон (Аустралия) - Григор Димитров (Болгария) жұбының жеңімпазымен ойнайды.