Қазақстандық теннисші Америкадағы турнирдің жартылай финалына өтті

©

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев германиялық Александр Зверевпен жұпта АҚШ-тағы ATP турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалдық кездесуде олар америкалық Тэйлор Фриц пен Томми Пол жұбын ұтты.

Бір жарым сағатқа созылған матч 2:0 (6:4, 7:6) есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл жарыстың жекелей сынында Елена Рыбакина өнер көрсетіп жатыр, ширек финалда ол грекиялық Мария Саккаримен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport