Қазақстандық теннисші әлемнің экс бірінші ракеткасымен ойнайды

©оlympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы Ашық чемпионаттың үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

US Open жарысының екінші айналымында 22 жастағы Рыбакина WTA рейтингінде 62-ші тұрған франциялық Каролин Гарсияны 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Матч бір сағат бес минутқа созылды. Рыбакина 11 эйс және үш брейк жасады, төрт рет допты ойынға қосарда қателесті. Гарсия бір эйс жасады және екі рет қосарлы қате жіберді. 

US Open турнирінің үшінші айналымында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы болған румыниялық Симона Халеппен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: